Украина: Ресей Киевке әуе шабуылын бастады

Киев қалалық әскери басқармасы мәлімдеме жасады.

1992271
Украина: Ресей Киевке әуе шабуылын бастады

Ресей армиясы Украинаның бас қаласы Киевке әуе шабуылы жасады. Украина әуе қорғаныс күштері тарапынан 40-тан астам нысананы әуеде жойды.

Киев қалалық әскери басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының бас қала Киевке бағыттап қайтадан әуе шабуылы жасағаны атап көрсетілді.

Ресей күштерінің таңертең Киевке қарай зымыран мен пилотсыз әуе көліктерін ұшырғаны атап көрсетілген мәлімдемеде тек мамыр айында бас қалаға 15 әуе шабуылы жасалғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Киевке шабуыл жасалған 40-тан астам нысананың Украина әуе қорғаныс күштері тарапынан анықталып, әуеде жойылғаны жеткізілді.

Киев мэрі Виталий Кличко болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан әуеде жойылған кейбір зымыран сынықтарының әртүрлі аудандардағы азаматтық инфрақұрылымға тиіп, залал келтіргенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар