ЕО Украина әскерлеріне білім береді

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак украиндық ұшқыштарға "F-16" ұшағы үшін білім беруге дайын екендіктерін айтты.

1991403
ЕО Украина әскерлеріне білім береді

Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррельдің Украина ұшқыштарынп "F-16" ұшағы үшін білім берудің Польшада басталғаны туралы мәлімдемесі Варшаваның осы мәселеге қатысты ерікті ұстанымына сілтеме ғана екені атап көрсетілді. 

Еуроодақ комиссиясының баспасөз өкілдерінің бірі Набила Массрали Бельгияның астанасы Брюссельде жасаған мәлімдемесінде Украина ұшқыштарының "F-16" ұшағы үшін дайындық жұмыстары Польшада басталғаны туралы Боррель мәлімдемелеріне түсініктеме берді.

Массрали Боррельдің жаттығулардың басталғаны туралы мәлімдемесі Польшаның бұған бұрыннан белгілі ниетімен байланысты екенін айтты.

Боррель 23 мамырда Еуроодақ Қорғаныс министрлері жиналысының кіреберісінде жаттығулардың Польшада басталғанын айтты.

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак украиндық ұшқыштарға "F-16" ұшағы үшін білім беруге дайын екенін, алайда бұл білім берудің өз елінде әлі басталмағанын мәлімдеген болатын.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин өз мәлімдемесінде Польшамен бірге Норвегия, Бельгия және Португалияның украиналық ұшқыштарды дайындауға дайын екенін айтып, Дания мен Голландияның Украина армиясына "F-16" жаттығуларын қамтамасыз ету үшін құрылған Еуропалық коалициянына бастамашы болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар