Ресей швециялық 5 дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп атады

Швецияның Ресейдегі елшісі Малена Мардтың министрлікке шақырылғаны хабарланды.

1990933
Ресей швециялық 5 дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп атады

Ресей Швецияның 5 дипломатын «ұнатылмайтын адам» деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Швецияның 25 сәуірде 5 ресейлік дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп жариялағаны ескертілді.

Мұның «дұшпандық» қадам болып, екі жақты қарым-қатынасты қиын жағдайға түсіргені баса көрсетілген мәлімдемеде осы себепті Швецияның Ресейдегі елшісі Малена Мардтың министрлікке шақырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде «Елшіге Швецияның 5 дипломатының, оның ішінде қорғаныс мәселелерімен айналысатын 3 қызметкердің Ресейдегі Швеция елшілігінде өзара келісімнің талабы бойынша «ұнатылмайтын адам» деп жарияланғаны жеткізілді» деп көрсетілді.

Сонымен бірге мәлімдемеде Ресейдің Гетеборгтағы Бас консулдығының қызметін 1 қыркүйектен бастап тоқтату туралы шешім қабылданғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

«Сонымен қатар елшіге 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ресейлік тарап Швецияның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметіне берілген рұқсатты қайтарып алғаны туралы хабардар етілді» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар