Бес айда 1 миллион адам көшті
Елдегі көші-қонға террор ұйымы тудырған қауіпсіздік мәселелерімен қатар құрғақшылық, су тасқыны сияқты табиғи апаттар да себеп болған.
1990803

Сомалиде соңғы 5 айда 1 миллион адам үйлерін тастап, басқа аймақтарға көшіп кеткен.
Норвегиялық босқындар кеңесінің (NRC) Сомали директоры Мохаммад Абди Сомалидегі ішкі миграцияның алаңдатарлық деңгейге жеткеніне назар аударды.
Соңғы 5 айда 1 миллион адам үйлерін тастап көшуге мәжбүр болған. Абди алдағы айларда мұның одан да арта түсуінен алаңдайтындарын атап өтті.
Абди елдегі ішкі көші-қонға террор ұйымы Әл-Шабаб тудырған қауіпсіздік мәселелерімен қатар құрғақшылық, су тасқыны сияқты табиғи апаттардың да себеп болғанын білдірді.