Интернетті шектейтін заң жобасы

15 жастан кіші балалардың әлеуметтік желіні қолдануына ата-рұқсатын қажет ететін жобаны қабылдады.

1990135
Интернетті шектейтін заң жобасы

Францияда сенат 15 жастан кіші қолданушылардың әлеуметтік медиа платформаларына тіркелуіне және қолдануына ата-рұқсатын қажет ететін жобаны қабылдады.

Сенат әлеуметтік медиада жек көрушілікпен күресті мақсат еткені заң жобасын талқылады.  Отырыста қабылданған жобада 15 жастан кіші балалардың әлеуметтік медиа платформаларына тіркелуі және қолдануы үшін ата-анасынан рұқсат алуы міндеттеледі. Бұл үшін платформалардың қолданушылардың жасы мен балалардың ата-анасынан рұқсат алып-алмағанын растайтын бір жүйе қолдануы керек.

Қағидаларға бағынбаған платформаларға ақшалай жаза беріледі. Заң жобасына қарағанда,  әлеуметтік медиа платформалары әлеуметтік желідегі зорлық-зомбылыққа қарсы шара ретінде түрлі ескертулер мен хабарландырулар жариялайды. Ата-аналар да платформалардың 15 жасар балалардың аккаунттарын өшіруду талап ете алады.

Осы заң жобасы ортақ комитетте талқыланады.

Елдегі деректерге қарағанда, Францияда 10-14 жас арасындағы балалардың 82 пайызы ата-анасының рұқсатынсыз интернет қолданады.



Ұқсас жаңалықтар