Израиль күштері 3 палестиналықты өлтірді

Израиль күштерінің «Балата» босқын лагеріне жасаған шабуылында 3 палестиналық қаза тапты.

1989164
Израиль күштері 3 палестиналықты өлтірді

Израиль күштерінің Наблустың шығысындағы «Балата» босқындар лагеріне жасаған шабуылында 3 палестиналық қаза тауып, 1-і ауыр күйде, барлығы 3 палестиналық жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-қа қарағанда Израиль күштері бульдозер мен әскери көліктердің қолдауымен кешке қарай лагерьге шабуыл жасаған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде болса лагерьде израильдік сарбаздардың қарулы шабуылында Мұхаммед Билал Зейтун, Фетхи Эбу Рызк және Абдуллах Эбу Хамдан атты 3 палестиналықтың қаза тапқаны, 1-і ауыр күйде, барлығы 3 адамның да жарақат алғаны хабарланды.

Израиль әскерлерінің Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамына тиесілі жедел жәрдем көліктерінің лагерьге кіруіне кедергі жасағаны да атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар