Филиппиндерде тарихи пошта ғимараты өртенді

Түн ортасында басталған өртте 7 адам жеңіл жарақат алды.

1989262
Филиппиндерде тарихи пошта ғимараты өртенді

Филиппиндердің бас қаласы Маниладағы тарихи пошта ғимаратында шыққан өрттен жеті адам зардап шекті.

Полиция мен пошта лауазымдыларының айтуынша түн ортасында басталған өртте 7 адам жеңіл жарақат алған.

Бес қабатты ғимараттың жертөлесінде тұтанған өрт 7 сағат өткен соң бүгін таңертең бақылауға алынды.

Құзырлы органдар өрттің шығу себебі мен шығын көлемін анықтауда.

Ғимарат елдің басты пошта сұрыптау және тарату орталығы болатын. Филиппин Пошта компаниясының бас ғимараты ретінде қолданылатын.

1926 жылы салынған ғимарат Екінші дүниежүзілік соғыста бұзылып, 1946 жылы қайта қалпына келтірілген еді.



Ұқсас жаңалықтар