Черногорияның жаңа президенті Яков Милатович ант берді

Милатович екінші турда 60 пайыз дауыспен елдің 8-ші президенті болып сайланды.

1988761
Черногорияның жаңа президенті Яков Милатович ант берді

Балқанның батысындағы ең кішкентай елі Черногорияның жаңа президенті Яков Милатович ант берді.

2 сәуір күні Черногорияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетіп елдің жаңа басшысы болып сайланған Милатович бас қала Подгорицада 200 лауазымды қатысқан ант беру рәсімімен Мило Джукановичтен міндетін қабылдады.

Черногория парламентіне үн қатқан Милатович баршаның президенті болатынын атап, міндетін үлкен жауапкершілік, саналылық және әділдікпен атқаратынын мәлімдеді.

Ант беру рәсіміне Сербия президенті Александр Вучич, Хорватия президенті Зоран Миланович, Косово президенті Вйоса Османи, Албания президенті Байрам Бегай, Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы және серб мүшесі Зелжка Чвиянович, кеңестің босниялық мүшесі Денис Бекирович пен кеңестің хорват мүшесі Зелько Комсичке қоса АҚШ, Ұлыбритания және Германияның Батыс Балқан бойынша арнайы өкілдері де қатысты.

Экономика министрі ретінде де қызмет атқарған Милатович 1986 жылы 7 желтоқсан күні дүниеге келді, үйленген және үш баласы бар.

Президенттік сайлаудың бірінші туры 19 наурыз күні өткізіліп, 7 кандидаттың бірде-біреуі 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан, екінші туры 2 сәуір күні жүзеге асқан болатын.

Бұрынғы президент Джуканович бірінші турда 35,3 пайыз дауыс жинаса, екінші турда 40 пайыз дауыспен жеңілді.

Бірінші турда 28,9 пайыз дауыс жинаған Милатович екінші турда 60 пайыз дауыспен елдің 8-ші президенті болып сайланды.



Ұқсас жаңалықтар