Сианьда «Қытай- Орталық Азия» саммиті өтуде

«Қытай-Орталық Азия» саммиті 18-19 мамыр аралығында Шэньси облысының Сиань қаласында өтуде.

1988336
Сианьда «Қытай- Орталық Азия» саммиті өтуде

Қытай мен Орталық Азияның 5 республикасының басын қосатын Қытай-Орталық Азия саммиті тарихи Жібек жолының бастау нүктесі саналатын Қытайдың Шэньси облысының  орталығы Сиань қаласында басталды.

Саммиттің ашылу салтанаты Сиань қаласының солтүстігінде 7-10 ғасырлар аралығында Қытайда билік еткен Тан әулетінің Лотос саябағында өтті.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы  Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пин Лиюэнь қонақ басшылары және олардың жұбайларын сарай алдында қарсы алды.

Салтанатты шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Имамали Рахман, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысты.

Қытай Төрағасы Си  сөйлеген сөзінде тарихи Жібек жолының батысындағы бастау нүктесі болып табылатын Шэньси облысының Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы 2000 жылдан бері терең достық байланысының куәсі болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар