Ресей мен Украина растады

Ресей мен Украина лауазым иелері Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімнің созылғанын растады.

1987953
Ресей мен Украина растады

Ресей мен Украина лауазым иелері Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімнің 18 шілдеге дейін созылғанын растады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ел астанасы Мәскеуде өткізген апталық баспасөз мәслихатында Қаратеңіз астық дәлізі келісіміне қатысты мәлімдеме жасады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның келісімнің 2 айға созылғаны туралы мәлімдеме жасағанына назар аударған Захарова «Біз бұл мәселе бойынша мәлімдемелерді растаймыз. Осылайша жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қамтамасыз етуге, ең алдымен, оған мұқтаж елдерге көмектесуге мүмкіндік бар» деді.

Захарова келісімді жүзеге асыру барысындағы ақаулардың тез арада түзетілуі керектігін және бұл мәселемен сарапшылардың жұмыс істейтінін атап өтті.

Украинаның инфрақұрылым министрі Александр Кубраков әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде астық келісімінің 18 шілдеге дейін ұзартылғанын хабарлады. «Біріккен Ұлттар Ұйымына  және түрік серіктестерімізге азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға күш салғаны үшін алғыс айтамыз» деді ол.

Президент Ердоған кеше Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің тағы 2 айға созылуына шешім қабылданғанын хабарлаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар