Табиғи апаттар өмірге кері әсерін тигізуде

Әлемнің әртүрлі аймақтарында дауылдар, су тасқындары және орман өрттері артты.

1987205
Табиғи апаттар өмірге кері әсерін тигізуде

Дауылдар, су тасқындары және орман өрттері әлемнің әртүрлі аймақтарында өмірге кері әсерін тигізуде.

Бангладеш пен Мьянмада «Mocha» (Мока) дауылынан 9 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды.

Мыңдаған үй зақымданса, 400 мың адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

Америка Құрама Штаттарының Миссури (Мизури) және Техас штатында дауыл мен нөсер жауын өмірге кері әсерін тигізді.

Толассыз жауған жаңбыр Босния және Герцоговинада су тасқынына әкелсе, Хорватияда екі күннің ішінде екі үлкен дауыл соқты.

Канадада болса орман өрттері жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар