Ресей күштері Киевке зымыран шабуылы жасады

Киев мэрі Виталий Кличко «Telegram»-дағы аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1986975
Ресей күштері Киевке зымыран шабуылы жасады

Ресей күштері Украинаның бас қаласы Киевке бағытталған зымыран мен пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасады.

Киев қалалық әскери басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей армиясының мамыр айында Киевке 8-ші рет әуе шабуылы жасағаны хабарланды.

Ресей күштерінің азанға дейін Киевке қарай пилотсыз әуе көліктері және зымырандық шабуылдар жасағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Киев әуе кеңістігіндегі жау нысаналарының басым көпшілігі анықталып, жойылды. Зымырандардың саны мен түрі туралы мәліметтерді жақын арада Әуе күштері хабарлайды» делінді.

Киев мэрі Виталий Кличко «Telegram»-дағы аккаунтынан мәлімдеме жасап, жарылыстардың ресейлік күштердің қалаға бағытталған шабуылы нәтижесінде болғанын айтты.

Соломянск, Шевченковск, Дарницкий және Оболонский аудандарына зымыран және ұшқышсыз ұшақ бөлшектерінің тигенін айтқан Кличко Соломянск қаласында 3 адамның жараланғанын, Дарницкийде 2 азаматтық көліктің өртенгенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар