Песков: "Түркиядағы сайлауды қызығушылықпен қадағалаймыз"

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеме жасады.

1986730
Песков: "Түркиядағы сайлауды қызығушылықпен қадағалаймыз"

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елі мен Түркия арасында көптеген салада жасалған ынтымақтастық себепті Түркиядағы сайлауды қызығушылықпен қадағалағандарын білдірді.

Песков 14 мамыр күні өткен Түркиядағы президенттік және парламент сайлауына қатысты Мәскеуде журналистерге мәлімдеме жасады.

Түркия мен Ресейдің көптеген салада, әсіресе экономикада ауқымды ынтымақтастық жүргізгеніне назар аударған Песков «Энергетика, туризм, сауда, ауыл шаруашылығы, тасымалдау сияқты әртүрлі салаларда ауқымды бір өзара ынтымақтастық аясында Түркиямен бірігіп отырмыз» деді.

Бұл ынтымақтастықтың түрік және орыс халықтарының мүдделері бағытында жетілгенін атап көрсеткен Песков «Осы себепті Түркиядан сайлау туралы жаңалықтарды үлкен қызығушылықпен қадағалаймыз» деді.

Сайлау қорытындысын құрметтегендерін атап көрсеткен Песков «Біз түрік халқының таңдауын құрметтейміз. Дегенмен қалай болғанда да ынтымақтастығымыз жалғасады, тереңдей түседі және кеңейеді деп күтеміз» деді.

Түркияның жетілген демократиясы бар екенін атап көрсеткен Ресей мәлімдемешісі «Түркия – күшті, егеменді ел және әрине ашық және демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін, барлық заңсыз әрекеттердің алдын алатын бір ел» деді.



Ұқсас жаңалықтар