Еуропа Одағы Украинаға оқ-дәрі жіберуді тездетеді

Боррель «Асығып жатырмыз. Украинаға оқ-дәрі керек» деді.

1985204
Еуропа Одағы Украинаға оқ-дәрі жіберуді тездетеді

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Еуропаның барлық қорғаныс өнеркәсібі өкілдерімен алғаш рет кездесіп, Украинаға оқ-дәрі жіберуді тездетуді талқылағандарын мәлімдеді.

Боррель өзінің Twitter-дегі парақшасында ЕО Комиссиясының өнеркәсіп мүшесі Тьерри Бретонмен бірге бейне хабарлама жариялады.

Еуропаның қорғаныс өнеркәсібінің жетекші актерлерімен кездесу өткізгендерін айтқан Боррель «Асығып жатырмыз. Украинаға оқ-дәрі керек» деді.

Бретон да осы саладағы барлық актерлармен алғаш рет бас қосып отырғанын атап өтті.

Бретон өткен аптада ЕО-дан Украинаға жіберілген оқ-дәрілердің салдарынан азайып бара жатқан қорын толықтыру үшін дайындалған оқ-дәрі өндірісін қолдау туралы заң жобасын жариялаған еді.

Сәйкесінше, қорғаныс өнеркәсібі саласында Одақтың өндірістік әлеуетін күшейтетін қаржы құралы құрылады.

Осы шеңберде оқ-дәрі өндірушілер ЕО бюджетінен 500 миллион еуромен қаржыландырылады.

 



Ұқсас жаңалықтар