Түркия Сербияға көңіл айтты

Сербиядағы екінші мектеп шабуылында 8 адам қаза тапты.

1983438
Түркия Сербияға көңіл айтты

Түркия Сербиядағы қарулы шабуылдарда қаза тапқандардың туыс-тамырлары, cерб халқы мен үкіметіне көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сербияда 3 күн бұрын 9 адам қаза тапқан бір мектеп шабуылы жасалғанын және алдынғы күні де Белград маңында Младеновац аймағындағы бір мектепке жасалған екінші қарулы шабуылда 8 адамның қаза тауып, 14 адамның жарақат алғанын еске салып көңіл айтылды.

Мәлімдемеде «Қайтыс болғандардың отбасыларына, серб халқына және үкіметіне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар