Заңсыз босқындарды елден қуады

Перу президенті шекарада төтенше жағдай жариялаған болатын.

1982580
Заңсыз босқындарды елден қуады

Перу премьер-министрі Алберто Отарола елге заңсыз жолдармен келген және құжаты жоқ босқындардың қуылатынын білдірді.

Баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасаған премьер-министр шекарада қауіпсіздік шараларының арттырылғанын еске салып,  үкімет ретінде нақты шара қолдана бастағандарын айтты.

Елде заңды жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарына байланысты мәселе жоқтығын атап көрсеткен Отарола «Адал қызмет етіп жатқан шетелдіктер бар. Олардың жағдайын жеңілдету үшін жұмыс істеп жатырмыз.  Саясатымыз осындай азаматтарға қарсы емес.  Біздің мақсатымыз – Перуды қорғау» деді. «Артып отырған қылмыстар елде үлкен ашуға жол ашты. Бұлардың қайталануын қаламаймыз» деді ол.

Сонымен қатар Перу мен Чили арасындағы шекарада қалып қойған босқындар мен Чили қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс шықты. Қауіпсіздік күштеріне өздеріне тас лақтырған босқындарға көз жасаурататын газ шашты.

Перу президенті 27 сәуір күні елдегі заңсыз көшті бақылауға алу мақсатымен шекарада төтенше жағдай жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар