Солтүстік Корея Ресейге жұмысшы жолдады

Солтүстік Кореядан Санкт-Петербург пен Мәскеуге 350-ге жуық, ал Владивостокқа 100 айналасында жұмысшы жолданған.

1982222
Солтүстік Корея Ресейге  жұмысшы жолдады

Солтүстік Корея Ресейге жүздеген жаңа жұмысшы жіберді.

"Daily NK" интернет газетінің хабарына қарағанда Солтүстік Кореядан аты-жөнін атағысы келмеген бір лауазымды сәуір айының басында Мәскеу мен Пхеньян арасында жасалған келісім бойынша жүздеген солтүстік кореялық жұмысшы наурыз айының соңында Ресейдің әртүрлі аймақтарына, әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург және Владивосток қалаларына жіберілгенін айтты.

Санкт-Петербург пен Мәскеуге 350-ге жуық, ал Владивостокқа 100 айналасында жұмысшы жіберілген.

Жұмысшылардың қай салада жұмыс істейтіні белгісіз екені, олардың құрылыста немесе қызмет көрсету саласында әскери және жеке компанияларда жұмыс істеу мүмкіндігі білдірілді.

Ресей үкіметінің қабылдауымен Солтүстік Корея жұмысшыларының Ресейге жұмыс визасымен емес, білім, мәдениет және туризм визаларымен кіргені хабарланды.

Үш жылдан астам уақыттан бері Ресейде тұрған және жұмысқа жарамсыз болған солтүстік кореялық жұмысшылардың Пхеньян әкімшілігінің бұйрығымен елдеріне қайтарылғаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар