Руандадағы табиғат апатынан 129 адам қаза тапты

Руанда Төтенше жағдайларды басқару министрі Мари Соланж Кайисире мәлімдеме жасады.

1982531
Руандадағы табиғат апатынан 129 адам қаза тапты

Руандада сейсенбі күнінен бастап жалғасқан нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен топырақ көшкінінен 129 адам қаза тапты.

Руанда баспасөзіндегі хабарға қарағанда елдегі соңғы кезеңдегі ең үлкен апаттардың бірі болған су тасқыны мен көшкінде 129 адам қаза тапты.

Руанда Төтенше жағдайларды басқару министрі Мари Соланж іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын атап елдің батыс және солтүстік уәлаяттарында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен топырақ көшкінінде көптеген үйдің жарамсыз болғанын және ауылшаруашылық алаңдарына зақым келгені мәлімдеді.

Кайисире көз жұмғандардың кейбірінің үйінен шыға алмай көз жұмғанын атап көрсетті.

Апаттан ең көп зардап шеккен аймақтарды Нгорореро, Рубаву, Нябиху, Руциро және Каронги екенін атаған Кайисире мұқтаждарға шатыр таратыла бастағанын хабарлады.

Елде Мукамира-Нгорореро және Рубаву-Руциро қатынас жолдарына да зиян келген.



Ұқсас жаңалықтар