Марсельде террористер түрік азаматтарға шабуылдады

Террор ұйымы ПКК қолдаушырлары Марсельдегі сайлау орталығы маңында түрік азаматтарына шабуыл жасады.

1982083
Марсельде террористер түрік азаматтарға шабуылдады

Францияның Марсель қаласында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК жақтастары дауыс беруге барған түрік азаматтарына шабуыл жасады.

Францияның Марсель қаласында Түркияның 14 мамырда өтетін президенттік және 28-ші кезекті парламент сайлауы үшін 27 сәуірден бастап дауыс беру жұмыстары жалғасуда.

Кеше террор ұйымы ПКК олдаушырлары  Марсельдегі сайлау орталығы маңында түрік азаматтарына шабуыл жасады.

Дипломатиялық дереккөздердің хабарына қарағанда Марсельдегі террор ұйымы жақтастарының күш қолдану оқиғасында ешкім зардап шекпеген.

Француз полициясы оқиға болған жерде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Хабарға қарағанда Түркияның Париждегі елшілігі, Марсель бас консулдығы және Франция қауіпсіздік күштерінің сайлауға барған түрік азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдағаны білдірілді.

Түркияның Франциядағы елшісі Али Онанер бүгін таңертең шабуыл болған жерге барды.

Әлеуметтік желіде бөліскен суреттерде террор ұйымы ПКК қолдаушыларының қолдарына таяқ ұстап, ер-әйел, бала демей, дауыс беруге келген түрік азаматтарына шабуыл жасағаны байқалды.



Ұқсас жаңалықтар