Пәкістандағы су тасқындарынан 8 адам қаза тапты

Белуджистан уәлаятында нөсер жауын салдарынан 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

1981595
Пәкістандағы су тасқындарынан 8 адам қаза тапты

Пәкістанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті.

Аймақтық Апаттарды басқару орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда елдің оңтүстік батысындағы Белуджистан уәлаятында алдыңғы күннен бері жалғасқан нөсер жауынның артынан бұршақ жауды.

Жаңбыр су тасқыны мен апаттарға себеп болған Белуджистанның әртүрлі аймақтарында тағы үш адам қаза тапты. Уәлаятта нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті.

Белуджистанның Хуздар, Ласбела, Кеч, Кила Сейфулла, Кохлу және Чаман аймақтарында адам шығыны тіркелді.

Толассыз жауын көптеген ауылшаруашылық малының қырылуына себеп болды. Аймақтық апаттарды басқару орталығы алдынғы күні жауын-шашын салдарынан су тасқыны мен апат себепті Белуджистанның әртүрлі аймақтарында 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі үлкен трассаның жабылуы нәтижесінде уәлаят пен басқа аймақтар арасында қатынастың үзілгенін мәлімдеген Аймақтық апаттарды басқару орталығы ондаған үй мен ауылшаруашылық алаңдарының зақымдалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар