Швеция Ресей елшілігінен 5 дипломатты қуды

Швеция Стокгольмдегі Ресей елшілігінен 5 дипломатты шекарадан шығаруға шешім қабылдағанын жариялады.

1979379
Швеция Ресей елшілігінен 5 дипломатты қуды

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Бильстрем Стокгольмдегі Ресей елшілігінен 5 дипломатты шекарадан шығаруға шешім қабылдағандарын жариялады.

Мемлекеттік "SVT" телеарнасына мәлімдеме жасаған Бильстрем Ресейдің Швециядағы өкілетті елшісі Виктор Татаринцевті Сыртқы істер министрлігіне шақырып, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясына қайшы әрекет еткені үшін 5 ресейлік дипломаттың елден кетулерін айтқанын хабарлады.

Швеция Ұлттық барлау агенттігі "SEPO" 21 сәуірде жасаған мәлімдемесінде Швецияда жұмыс істейтін ресейлік 5 дипломатқа қызметкерден бірінің ресейлік барлау ұйымы үшін жұмыс істейтінін және Швецияға қауіп төндіретінін ескерткен болатын.

Сонымен бірге Дания, Норвегия, Швеция және Финляндия мемлекеттік телеарналары 19 сәуірде Ресейдің Солтүстік теңіздегі жел турбиналары, газ құбырлары мен электр және интернет кабельдеріне қастандық жасауға дайындалып жатқанын пайымдаған болатын.

Мемлекеттік телеарналардың бірлескен зерттеулерінің нәтижесінде Ресейдің Солтүстік теңізде балықшы қайықтары мен зерттеу кемелері кейпіне енген флоты бар екені анықталғаны да білдірілген.

Данияның Сыртқы істер министрі Анникен Хуйтфельдт те 14 сәуірде Ослодағы Ресей елшілігінің 15 дипломатының шекарадан шығарылатынын хабарлады.

Хуйтфельдт Мәскеудің елшіліктерін «құпия барлау әрекеттерін» жүргізу үшін пайдалануға рұқсат етпейтіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар