Украина санкция көлемін кеңейтті

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді қолдайтындар мен Ресейдің шабуылдауына үлес қосқандарға қарсы 3 санкция пакетін жариялады.

1978777
Украина санкция көлемін кеңейтті

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының қажеттіліктерін қамдаған 322 кәсіпорынға санкция салынғанын мәлімдеді.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасындағы бейне мәлімдемесінде Ресейді қолдайтындар мен Ресейдің шабуылдауына үлес қосқандарға қарсы 3 санкция пакетін іске асырғанын айтты.

Санкция пакетінің Ресей армиясының әскери қажеттіліктерін қанағаттандыратын әскери өнеркәсіп кәсіпорындарына бағытталғанын айтқан Зеленский:

«Бұл жолы санкциялар тізіміне қару-жарақ, құрамдас бөлшектер және басқа материалдар өндіретін 322 компания қамтылды» деді. 

Зеленский басқа екі санкция тізімінде Ресейге салынған санкцияларды жеңілдетуге көмектескен жеке және заңды тұлғалар бар екенін атап өтті. Зеленский санкциялар пакеттерінің егжей-тегжейлі өңделгенін және серіктестермен ымыраласу тұрғысынан қарастырғанына назар аударып: «Бұл соғыстың тез аяқталуы және біздің жеңісіміз үшін талпынғандардың ортақ мақсаттарының бірі. Бұл Ресейдің санкцияларды айналып өту мүмкіндігін жоюды мақсат етеді» деп көрсетті.

Мәскеудің санкцияларды айналып өту жоспарының соғысқа уақыт қосатынын және мүмкіндіктер беретінін айтқан Зеленский Ресейге және осы елмен байланысты барлық адамдарға Ресейдің соғыс экономикасына қарсы санкциялар неғұрлым көп болса, «жеңіс соғұрлым тезірек болады» деп үн қатты.



Ұқсас жаңалықтар