Николай Песковтың "Вагнер" мойындауы

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың баласы мәлімдеме жасады.

1978711
Николай Песковтың "Вагнер" мойындауы

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың баласы Николай Песков Ресейдің қауіпсіздік компаниясы «Вагнер»-дің құрамында Украинада 6 айға жуық соғысқанын мәлімдеді.

Кремльге жақындығымен белгілі «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берген 33 жасар Песков «Бұл менің міндетім. Достарым және басқалар сол жерге бара жатқанда, қарап отыра алмайтын едім» деді.

Вагнерге қосылудың өз шешімі екенін айтқан Песков процесті білмегенін және әкесінің өзіне қолдау көрсеткенін білдірді.

Басқа ақылы әскерлер Кремльмен байланысын білмесін деп жалған жеке куәлік пайдаланғанын атап көрсеткен Песков Украинада оны қай есіммен шақырғанын, бұл есімді болашақта да пайдалануы мүмкін болғандықтан жарияламады.

«Вагнер» Ресейде «жеке әскери компания» деп аталады. Компания Украинада әскери қылмыстар жасау және адам құқықтарын таптаумен айыпталуда.

«Вагнер» компаниясының соңғы уақытта Ресейдің Украинадағы әскери шығындар артқан соң түрмеден шығарылған мыңдаған қылмыскерді өз құрамына қосқаны белгілі.



Ұқсас жаңалықтар