Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті

«IRNA» ақпарат агенттігі министрлердің өзара қарым-қатынастарды талқылағанын жариялады.

1978605
Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян мен Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн «өзара қарым-қатынастар мен аймақтық және халықаралық мәселелерді» талқылады.

Иран ресми ақпарат агенттігі «IRNA»-ның хабарлауынша Абдуллахиян мен ирактық әріптесі Хусейн телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер өзара қарым-қатынастар, аймақтағы оқиғалар, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңыздылығы, терроризммен күреске қоса көптеген мәселеде пікір алмасты.

Ирак Сыртқы істер министрі Хусейн Тегеран мен Эр-Рияд әкімшіліктері арасындағы қарым-қатынастардың қайта жандануына ризашылығын білдірді.

Хусейн сондай-ақ Ирак президенті Абдуллатиф Рашидтің жақын арада Иранға ресми іс-сапармен келетінін хабарлады.

Мәлімдемеде іс-сапардың нақты уақыты туралы ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар