Марокко Королі 1518 тұтқынды босатты

Марокко Королі 6-шы Мұхаммед Ораза айтқа орай тұтқындарға кешірім жариялады.

1978089
Марокко Королі 1518 тұтқынды босатты

Марокко Королі 6-шы Мұхаммед Ораза айтқа байланысты түрмеде отырған 1518 адамға кешірім жариялады.

Марокко Әділет министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ораза айт мерекесіне орай әртүрлі қылмыспен сотталған немесе ұсталған 1518 адамға Марокко Королі 6-шы Мұхаммедтің рақымшылық жасағаны атап көрсетілді.

Марокко Королі өткен жылдың шілде айында болған Құрбан айт мерекесіне орай 979 тұтқынды босатқан болатын.

Марокко Ата заңының 58-бабына сай король тұтқындарға кешірім жасай алады.



Ұқсас жаңалықтар