Парижде ыстықтан адамдар қайтыс болуда

Еуропада жыл сайын суықтан 203 мың 620 адам, ыстықтан 20 мың 173 адам көз жұматыны анықталды.

1977207
Парижде ыстықтан адамдар қайтыс болуда

Францияның астанасы Париж Еуропадағы қатты аптап ыстықтан ең көп егде жастағы адамдар қайтыс болған қалаға айналды.

"The Lancet Planetary Health" жариялаған зерттеуде 2000-2009 жылдар аралығында Еуропаның 30 еліндегі 854 қалада шыжыған ыстықтан немесе суықтанболған өлім-жітім көрсеткіштері анықталды.

Зерттеу нәтижесі Еуропада жыл сайын суықтан 203 мың 620 адам, ыстықтан 20 мың 173 адам көз жұматынын анықтады.

Ыстық ауа райына сезімталдық жас ұлғайған сайын арта түседі, Париж Еуропадағы қатты ыстықтан өлім-жітім деңгейі ең жоғары қала ретінде тіркелді. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы да Еуропадағы ыстық ауа-райы салдарынан 2022 жылы кемінде 15 мың адамның қайтыс болғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар