"Швецияның НАТО-ға кіруі Түркияға байланысты"

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Швецияның НАТО-ға кіруінің Түркияның шешіміне байланысты екенін білдірді.

1976681
"Швецияның НАТО-ға кіруі Түркияға байланысты"

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон ел ретінде қазір өте қауіпті жағдайда тұрғандарын, Швецияның НАТО-ға кіруінің Түркияның шешіміне байланысты екенін айтты.

Афтонбладет газетіне Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі туралы мәлімдеме жасаған Кристерссон Финляндияның НАТО мүшелігінің мақұлданғанына қуанышты екенін айтты.

Ульф Кристерссон:

"НАТО-ның ішінде болмағанымызға көңілсізбін. Біз қазір ел ретінде өте қауіпті жағдайда өмір сүріп жатырмыз, мұны түсінудің уақыты келді. Енді бұл толығымен Түркияға байланысты және мен Түркияның шешіміне үлкен құрметпен қараймын" деген баға берді.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон:

"1 маусымда күшіне енетін терроризм туралы заң бар, осы заң арқылы Түркияға берген уәдемізді орындайтын боламыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар