Германия "МиГ-29" ұшақтарының берілуін мақұлдады

Польша президенті Украина президентінің Варшаваға сапары кезінде өз елінің барлық «МиГ-29» ұшақтарын Украинаға жеткізетінін мәлімдеген еді.

1974794
Германия "МиГ-29" ұшақтарының берілуін мақұлдады

Германия Польша үкіметінің Шығыс Германияның Ұлттық халықтық армиясының (NVA) қоймаларынан Украинаға 5 «МиГ-29» ұшағын жеткізуге арналған экспорттық өтінімін мақұлдады. Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде «Мен поляк серіктестерімізге бұрынғы «NVA» инвентарынан 5 «МиГ-29» ұшағының Украинаға жеткізілетініне уәде бере алатынымызды хабарлауға қуаныштымын» деді.

"Федералды үкімет ретінде осы шешімге бірге келгенімізді құптаймын. Бұл Германияға сенім артуға болатынын көрсетеді", - деді Писториус.

Польша президенті Анджей Дуда Украина президенті Владимир Зеленскийдің 5 сәуірде Варшаваға сапары кезінде өз елінің барлық «МиГ-29» ұшақтарын Украинаға жеткізетінін мәлімдеген еді.

Германия 2002 жылы Шығыс Германияның Ұлттық халықтық армиясынан (NVA) қабылдап алынған 23 «МиГ-29» жойғыш ұшағын Польшаға сатқан болатын.

Польшада Германиядан мұраға қалған «МиГ-29»-дардан басқа бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен бұрынғы Чехословакиядан жеткізілген «МиГ-29» ұшақтары да бар.

Польшадан басқа Словакия Киевке 4 «МиГ-29» ұшағын жеткізгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар