Тышқанмен күрес үшін менеджер тағайындалды

Коррадидің міндетінің ресми атауы - «қаладағы кеміргіштерді азайту жөніндегі менеджер».

1974353
Тышқанмен күрес үшін менеджер тағайындалды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына тышқанмен күреске жауапты менеджер тағайындалды.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс білім бөлімінің қызметкері Кэтлин Коррадиге Нью-Йорктегі тышқандар санының көбеюімен күресу міндеті тапсырылғанын хабарлады. Коррадидің міндетінің ресми атауы - «қаладағы кеміргіштерді азайту жөніндегі менеджер».

Қолда бар деректерге сүйенсек, соңғы жылдары Нью-Йоркте тышқан саны артқан.  Қаладағы тышқан саны нақты белгісіз болғанымен, 2014 жылы жүргізілген зерттеу олардың саны 2 миллионға жеткен дегенді көрсетті.

Нью-Йорк мэрі Адамс тышқандарды  «№1 жау» деп сипаттаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар