С.Корея ғарыштық жобаларды жалғастыруда

Солтүстік Корея ғарыш жобаларын дамытып, жаһандық ғарыш күшіне айналуға деген ынтасы бар екенін жариялады.

1973956
С.Корея ғарыштық жобаларды жалғастыруда

Солтүстік Корея озық ғарыштық жобаларының одан әрі жалғасатынын мәлімдеді.

Корея Орталық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда алғаш ғарышқа ұшқан Юрий Гагаринді еске алу үшін тойланатын «Халықаралық адам басқаратын ғарышқа ұшу күні» мерекесіне байланысты жасалған мәлімдемеде елдің дамыған ғарыш жобаларының егемен мемлекеттің ғарышты бейбіт пайдалану құқығына ие екеніне кепілдік беретін "Сыртқы Ғарыш келісімінің" рухына сәйкес «жанды» дамып келе жатқаны білдірілген.

Мәлімдемеде: «Ғарыш бүкіл адамзатқа тиесілі және оны ешбір мемлекеттің монополиялауы немесе иеленуі мүмкін емес. Солтүстік Кореяның да жаһандық ғарыш күшіне айналуға деген ынтасы бар» деп көрсетілді.

Жер серіктерін дамыту мақсатында құрылған Ұлттық Авиация және ғарыш басқармасының 10 жылдығын атап өткен Корея осының алдында алғашқы әскери барлау жасанды серігіне дайындық жұмыстары сәуір айына дейін аяқталып, орбитаға орналастырылатыны жайлы уәде берген болатын.

Солтүстік жағында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдің және Инчехон портының қара-ақ фотосуреттері 2022 жылдың желтоқсанында бөлісілген және оның жасанды серік сынағы кезінде түсірілгені білдірілген болатын. Бұл жағдай Оңтүстік Корея тарапын алаңдатуда.



Ұқсас жаңалықтар