Үндістандағы шабуылда 4 кісі қаза тапты

Баспасөз хатшысы шабуылда 4 адамның қаза тапқанын және база маңында шабуылшыларды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

1973853
Үндістандағы шабуылда 4 кісі қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатындағы әскери базаға қарулы шабуыл жасалып, төрт адам қаза тапты.

Армияның баспасөз хатшысы мәлімдеме жасап, жергілікті уақыт бойынша сағат 04:35-те Батинде аймағындағы әскери базаға қарулы шабуыл жасалғанын айтты.

Баспасөз хатшысы шабуылда 4 адамның қаза тапқанын және база маңында шабуылшыларды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Батиндада полицияның жоғары лауазымды қызметкері Гулниет Сингх Хурана полиция тобының әскери базаның сыртында күтіп тұрғаны туралы ақпаратты "NDTV"-ге бөлісті және оқиғаның террорлық шабуылдан гөрі «жеке араздық» салдарынан болуы мүмкін екеніне назар аударғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар