"Хамас" Израильге наразылық көрсетті

«Хамас» мәлімдемешісі Хазим Касым Нетаньяхудың соңғы мәлімдемелерін бағалады.

1972966
"Хамас" Израильге наразылық көрсетті

Палестина азаттық қозғалысы «Хамас» Израильдің бүкіл аймақтың мүддесіне қауіп төндіргенін мәлімдеді.

«Хамас» мәлімдемешісі Хазим Касым Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың соңғы мәлімдемелерін бағалады.

Касым мәлімдемесінде Нетаньяхудың Палестина халқы, Сирия және Иранға қарсы қоқан-лоққыларына назар аударып, «Израиль бүкіл аймақтың мүддесіне қауіп төндір» деді.

Нетаньяхудың өздерін қорқытуының мүмкін емес екенін атап айтқан Касым «Дұшпан бастаған діни соғысқа қарсы Әл-Ақса мешітінде өз болмысын қорғау үшін күресін жалғастыратын Палестина халқын Нетаньяхудың қорқытуы мүмкін емес. Барлық шиеленістердің тамыры - террорды жүйелі түрде жүзеге асыратын және жалғастыратын оккупацияның өзі. Халқымыз бостандық пен тәуелсіздік құқығын қорғау үшін заңды күрес жүргізуде» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху дүйсенбі күні кешке теледидардан жасаған мәлімдемесінде Израиль армиясының Сирияда әскери операциялар жүргізіп жатқанын ашық түрде мойындай отырып «Сириядағы ирандық нысандарға қарсы операция жүргіздік. Әрине «Хамас»-тың Ливанда инфрақұрылым құруына жол бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар