АҚШ кемесі Қытай су айдынына кірген

Қытай АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі "USS Milius" басқарылатын зымырандық әскери кемесі су айдынына кіргенін алға тартты.

1972494
АҚШ кемесі Қытай су айдынына кірген

Қытай Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Әскери-теңіз күштеріне тиесілі әскери кеменің Қытайдың аумақтық суларына заңсыз кіргенін алға тартты.

Қытай Халық азаттық армиясы АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі "USS Milius" басқарылатын зымырандық әскери кемесі Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдың маңынан заңсыз өтіп, Қытайдың аумақтық суларына кіргенін мәлімдеді.

Қытайдың Оңтүстік операциялар қолбасшылығынан жасалған мәлімдемеде соғыс кемесі бақыланып, ескертілгені және «Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдар мен оның айналасындағы теңіз аймағында даусыз егемендігі бар» деп көрсетілді.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 7-ші флотынан жасалған мәлімдемеде соғыс кемесі аймақта «қалыпты» операциялар жүргізіп, аталған аймақтан шығып, Оңтүстік Қытай теңізіндегі операцияларын жалғастырғаны атап өтілді.

Қытай армиясы 23 наурыздағы мәлімдемесінде "USS Milius" басқарылатын зымырандық әскери кемесі Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдар төңірегіндегі су айдынына рұқсатсыз кіргенін жариялаған, ал АҚШ Әскери-теңіз күштері соғыс кемелерінің қалыпты операциялар жүргізгенін алға тартқан болатын. 

Қытай Оңтүстік Қытай теңізінің басым көп көлігінде егендігі болғанын алға тартуда, Бруней, Малайзия, Филиппин, Тайвань және Вьетнам да аймақтағы егемендікке қол жеткізуге үміткер болып отыр.



Ұқсас жаңалықтар