Сомалидегі су тасқыны 100 мың адамды баспанасыз қалдырды

Сомалидегі су тасқынында 21 адамның қаза тапқаны білдірілді.

1970915
Сомалидегі су тасқыны 100 мың адамды баспанасыз қалдырды

Сомалиде өткен апта бойынша болған су тасқыны кезінде 21 адам қаза тауып, 100 мың адам баспанасыз қалды.

БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда елдің оңтүстігіндегі Гедо аймағының қуаңшылыққа ұшыраған Баардхе қаласында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 100 мың адам баспанасыз қалды.

Эфиопия шекарасындағы жауын-шашын Шабель мен Куба өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне себеп болуы мүмкін екені ескертілді.



Ұқсас жаңалықтар