Столтенберг Швецияның НАТО мүшелігін бағалады

Швецияның НАТО-ға мүшелік процесінің жалғасқанын атап көрсетті.

1970154
Столтенберг Швецияның НАТО мүшелігін бағалады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүшелік процесінің тығырыққа тірелмегенін атап көрсетті.

Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының алғаш күні шеңберінде ұйымдастырылған НАТО-Украина комиссиясы отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Финляндияның НАТО мүшесі ретінде қатысқан алғаш отырысы болғанын еске салған Столтенберг Украинадағы соғысты және бұл елге өзін-өзі қорғауы тақырыбына қоса Еуро-Атлантикалық аймақтың бір бөлігі болу үшін көрсетілетін қолдауды талқылағандарын мәлімдеді.

Швецияның мүшелік тақырыбымен байланысты қойылған бір сұраққа Столтенберг «Финляндияның қосылуы Швецияның қауіпсіздігін одан сайын арттырады. Кезең тығырыққа тірелген емес» деп жауап берді.

Бір неше апта бұрын Президент Режеп Тайып Ердоғанмен жасаған кездесуінің артынан бұл процесті қайтадан бастауға келіскендерін атап «НАТО штаб-пәтерінде Финляндия, Швеция және Түркиямен кездестік. Біз қайтадан кездесуге келістік, үнемі кеңестер өткіземіз. Швецияның мүшелігі тақырыбында нәтижеге жету үшін әртүрлі деңгейде жұмыс істеуді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар