НАТО Сыртқы істер министрлері бас қосты

НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының екінші күніне Швеция да қонақ ел ретінде қатысуда.

1970329
НАТО Сыртқы істер министрлері бас қосты

НАТО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдауды жалғастыру, Азия-Тынық мұхитындағы жағдай және қорғаныс шығындары сынды мәселелерді талқылау үшін бас қосты.

Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде ұйымдастырылған НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының екінші күнінде Швеция да қонақ ел ретінде қатысуда.

Солтүстік Атлантикалық кеңес отырысының ашылуында сөйлеген сөзінде Бас хатшы Йенс Столтенберг Ресейдің алдағы соғыстарға дайындалып жатқанын және Украинаға ұрыс даласында қажет нәрсенің барлығын беру керектігін мәлімдеді. Столтенберг сонымен қатар НАТО-ның Ресей қысымына қарсы басқа серіктестері Молдова, Грузия және Босния және Герцеговинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

НАТО Сыртқы істер министрлері бүгін Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония және Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлерімен кездесіп, Азия-Тынық мұхитындағы жағдайды талқылайды.


Этикеттер: #Украина , #Ресей , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар