ДАИШ террор ұйымының басшысы өлтірілді

АҚШ ДАИШ террор ұйымының басшысы Халид Эйд Ахмед әл-Джебуридің Сириядағы әуе шабуылында өлтірілгенін білдірді.

1969921
ДАИШ террор ұйымының басшысы өлтірілді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Еуропа мен Түркияда шабуылдарды жоспарлауға жауапты ДАИШ террор ұйымының басшысы Халид Эйд Ахмед әл-Джебуридің Сириядағы әуе шабуылында өлтірілгенін хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде ДЕАШ қолбасшысының Сирияның солтүстік-батысында сейсенбі күні өлтірілгені жарияланды.

Шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар шығыны болмағаны хабарланған мәлімдемеде Ахмед әл-Джебуридің Еуропа мен Түркияда жасалған шабуылдарды жоспарлауға жауапты екені және террористің ДАИШ ұйымының Түркиядағы ауыз жүзіндегі  әкімшілік ұйымының құрылымында рөл атқарғаны алға тартылды.

Мәлімдемеде: «Әл-Джабуридің өлімі ДАИШ-тың шабуылдарды жоспарлау қабілетін уақытша үзіліске ұшыратады» деп көрсетілген.

Әл-Джабуридің қандай шабуылдар жоспарлағаны туралы әзірге ешқандай ақпарат берілген жоқ.

ДАИШ-тың Таяу Шығыс пен әлемнің басқа аймақтарында әлі де «қауіп төндіруді» жалғастырғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар