Украина: «Ресейлік 14 пилотсыз әуе көлігі атып түсірілді»

Украинаның Оңтүстік аймақтық қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

1969601
Украина: «Ресейлік 14 пилотсыз әуе көлігі атып түсірілді»

Украина Одессада Ресейге тиесілі ирандық 14 ұшқышсыз ұшатын аппаратты атып түсіргенін хабарлады.

Украина Оңтүстік аймақтық қолбасшылығы Ресейдің түнімен Иран өндірген «Шахид» атты пилотсыз әуе көліктерімен Одессаға шабуыл жасағанын хабарлады.

Мәлімдемеде Азов теңізінің шығыс жағалауынан жіберілген 17 пилотсыз әуе көлігінің 14-інің жойылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде пилотсыз ұшақтардың бірінің Одесса аймағындағы кәсіпорынды нысанаға алуы салдарынан өрт шыққаны және адам шығыны болмағаны атап көрсетілді.

2022 жылы 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берген, осылайша Ресей-Украина соғысы басталған болатын.

Путин Украинанң НАТО-ға мүшелігінің алдын алу және оны Ресейдің ықпалында ұстау үшін елді қарусыздандырып, фашистік көзқарастан арылдыруды мақсат еткенін екенін мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар