О.Корея, АҚШ және Жапония ортақ жаттығу өткізді

Ортақ әскери жаттығуға үш елдің әскери-теңіз күштерінен ядролық қуатқа ие "USS Nimitz" ұшақ тасығыш пен теңіз жойғыштарының қатысқаны білдірілді.

1969066
О.Корея, АҚШ және Жапония ортақ жаттығу өткізді

Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Жапония теңіз күштері Солтүстік Кореяның «артып келе жатқан зымырандық қауіптеріне» байланысты үйлестіруді күшейту үшін сүңгуір қайықтарға қарсы бірлескен жаттығу өткізді.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде елдің солтүстік аймақтарындағы халықаралық су айдынында өткізілген жаттығуға үш елдің әскери-теңіз күштерінен ядролық қуатқа ие "USS Nimitz" ұшақ тасығыш пен теңіз жойғыштарының қатысқаны білдірілді.

Әскери жаттығу Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның Солтүстіктің жақында суасты қайықтарынан ұшырған баллистикалық зымырандары мен басқа да теңіз қауіптеріне жауап беру мүмкіндіктерін арттыру мақсатымен ұйымдастырылғаны хабарланды.

Әскери жаттығуда қауіп төндіруі мүмкін су асты флоттарын бақылау және анықтауға бағытталғаны білдірілген мәлімдемеде алдағы уақытта үш елдің гуманитарлық іздеу-құтқару жаттығуларын да ұйымдастыратыны атап өтілді.

«Біз Солтүстік Кореяның кез келген арандатуына батыл жауап береміз және әсерін жоямыз», - делінді мәлімдемеде.

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония бастаған бірлескен сүңгуір қайықтарға қарсы  әскери жаттығу екі күн жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар