Бурундидегі су тасқынында 13 адам қаза тапты

Чибитоке қаласындағы алтын кенішінде болған су тасқыны салдарынан 13 жұмысшы қаза тапты.

1968830
Бурундидегі су тасқынында 13 адам қаза тапты

Африканың шығыс елдерінің бірі Бурундидің солтүстік батысында орналасқан Чибитоке қаласындағы алтын кенішінде болған су тасқыны салдарынан 13 жұмысшы қаза тапты.

Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша Чибитокеде толассыз жауған жауыннан кейін Ругого өзені арнасынан тасып кеткен соң аймақта заңсыз жұмыс істеп жатқан алтын кенішін су басты.

Шахтада 13 жұмысшының мәйіті табылса, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Елде заңсыз түрде ашылған және жұмыс қауіпсіздігі шаралары қабылданбаған кен орындарында адам шығындарына әкелетін апаттар жиі болып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар