АҚШ-та жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың Алабама штатында жедел жәрдем тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза тапты.

1969120
АҚШ-та жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырады

Америка Құрама Штаттарының Алабама штатында жедел жәрдем тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды.

Федералдық авиация әкімшілігінің мәлімдемесіне қарағанда, Бирмингем қаласында бір адамның серуен кезінде денсаулығында ақау бар екенін хабарлауынан кейін жедел жәрдем тікұшағы аймаққа бағытталды.

Шелби округінің маңында 3 экипажы бар «Eurocopter EC130» жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырады. Апатта екі адам қаза тауып, бір адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар