Иран жерінен содырлар жасаған шабуылда 4 пәкістандық сарбаз қаза тапты

Пәкістан армиясы оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

1968552
Иран жерінен содырлар жасаған шабуылда 4 пәкістандық сарбаз қаза тапты

Иран жерінен Пәкістанға жасалған қарулы шабуыл нәтижесінде 4 пәкістандық сарбаз қаза тапты.

Пәкістан армиясы жасаған мәлімдемеде Иран жерінен содырлардың Белуджистан уәлаятына қарасты Кеч аймағындағы шекарадағы патрульдік көлігіне қарулы шабуыл жасағаны, 4 әскердің қаза тапқаны хабарланды.

Иран билігімен қажетті байланыс орнатылғаны айтылған мәлімдемеде Тегераннан мұндай шабуылдардың болашақта қайталанбауы үшін содырларға қарсы тиімді шара қолдануы сұралды.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім өз мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар