БАӘ Түркия мен Сирияға қазірге дейін 240 ұшақ жәрдем жіберді

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) жер сілкінісінен зардап шеккендерге бүгінге дейін 240 ұшақ жәрдем жібергенін жариялады.

1968450
БАӘ Түркия мен Сирияға қазірге дейін 240 ұшақ жәрдем жіберді

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирияға осы уақытқа дейін 240 ұшақпен жәрдем материалы жібергенін хабарлады.

БАӘ Қорғаныс министрлігінің Твиттер аккаунтында жасалған мәлімдемеде Түркия мен Сириядағы жер сілкіністерінен зардап шеккен халыққа қолдау мақсатты Абу-Даби әмірі шейх Мұхаммед ибн-Заид әл-Нахаянның нұсқауымен 7 ақпан күні басталған «Жігіт атты әскер – 2 операциясы» туралы ақпарат бөлісті.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектің жалғасып жатқанына назар аударылған мәлімдемеде осы уақытқа дейін 240 ұшақпен Түркия мен Сирияға 7 мың 726 тонна жәрдем материалы жеткізілгені атап көрсетілді.

«Король Салман» атындағы  жәрдем және гуманитарлық жұмыстар орталығына тиесілі «Сахем» платформасының деректеріне қарағанда Түркия және Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Сауд Арабиясы тарапынан жіберілген жәрдем науқанында жиналған қайырымдылық көлемі шамамен 131,7 миллион долларға ұласты.

Акция үшін бүгінге дейін 3 миллион 195 мың 429 адам қайырымдылық жасады.

Сауд Арабиясы 14 наурыз күні Түркия мен Сириядағы табиғи апаттан зардап шеккендерге 16-шы жәрдем ұшағын жібергенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар