Өсімдіктер де дыбыс шығарады екен

Ғалымдар өсімдіктердің адам құлағы ести алмайтын дыбыстарды шығаратынын анықтады.

1968212
Өсімдіктер де дыбыс шығарады екен

Өсімдіктердің адам құлағы ести алмайтын дыбыстарды шығаратыны және шөлдегенде немесе күйзеліске түскенде бұл дыбыстарды күшейтетіні анықталды.

«The Cell» зерттеу журналында жарияланған зерттеуге қарағанда ботаникалық ғалымдар өсімдіктердің білінгеніндей «үнсіз тіршілік иелері» емес екенін айқындады.

Тель-Авив университеті ғылым факультетінің деканы, профессор Лилах Хадани "CNN" телеарнасына берген сұхбатында: «Дыбысқа жауап беретін көптеген ағзалар бар, сондықтан мен өсімдіктерді саңырау және мылқау деп ойлауға еш негіз жоқ деп қараймын», - деді.

6 жыл бұрын зертханасында ультрадыбыстық микрофон арқылы кактус дыбысын алғаш рет жазып алған Хадани жазған дыбыстың кактустан шықты ба? Әлде қоршаған ортадағы басқа бір нәрседен шықты ма? Мұны анықтай аламағанын айтты.

Хадани және оның әріптестері темекі мен қызанақ көшеттері салынған дыбыс өткізбейтін акустикалық қораптарға 20 және 250 килогерц арасындағы дыбыстарды анықтай алатын ультрадыбыстық микрофондарды орналастырды. Кейбір өсімдіктердің белгілі бөліктерін кесіп тастады, кейбіреулерін сусыздандырды, ал кейбіреулеріне тиіспеді.

Топтағылар біраз уақыттан кейін адам құлағы ести алмайтын 40 пен 80 килогерц аралығындағы дыбыстарды жазып алып, олардың жүгерінің жарылған дыбысына ұқсайтынын жеткізді.

Сонымен бірге ғалымдар стресс жағдайында өсімдіктер көбірек дыбыс шығаратынын анықтады.



Ұқсас жаңалықтар