Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.
1967998

Ауғанстанның солтүстігіндегі Джузжан уәлаятының Куштепе ауданында бір мектепке граната лақтырылып, екі оқушы қаза тапты.
Джузжан полиция бөлімшесінің баспасөз хатшысы Абдул Саттар Халими баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Куштепе ауданындағы мектепке кім екені белгісіз біреудің шабуылдағанын білдірді.
Шабуылда екі оқушының қаза тапқанын білдірген Халими 4 оқушының жараланғанын атап көрсетті.
Куәгерлердің айтуынша шабуыл қыз балалар оқитын бастауыш мектепті нысанаға алған.
Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық
Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.