Папа ауруханаға жатқызылды

Италия баспасөзі Папаның бүгін және алдағы күндердегі бағдарламасының жүзеге асырылмайтынын жазды.

1967318
Папа ауруханаға жатқызылды

Католиктердің рухани лидері және Ватикан мемлекет басшысы Папа Франциск кейбір қалыпты тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылды.

Ватикан баспасөз хатщысы Маттео Бруни жазбаша мәлімдеме жасады.  «Папа Франциск соңғы кезде тыныс алуда қиналып, бүгін (кеше) түстен кейін кейбір медициналық бақылау үшін поликлиникаға барды. Осындағы анализдер бірнеше күн ауруханада емделуі керек екенін көрсетті. Оған ковид диагнозы қойылды.  Папа науқастанғаннан кейін келген хабарламалар мен жылы лебіздерге және дұғаларға ризашылығын білдірді» деді ол.

Италия баспасөзі Папаның бүгін және алдағы күндердегі бағдарламасының жүзеге асырылмайтынын жазды.

2013 жылы Католик шіркеуінің 266-шы Папасы ретінде сайланған Папа Францисктің бала кезіндегі инфекциялық ауруына байланысты бір ғана өкпесі бар. Ол соңғы рет 2021 жылдың 4 шілде күні ота жасатып, 10 күн ауруханада жатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар