Испанияда алапат орман өрті болды

Испанияның шығысындағы Кастеллон мен Теруэль қалаларының арасында тұтанған орман өрті 4600 гектар жерді өртеп жіберді.

1967359
Испанияда алапат орман өрті болды

Испанияның шығысындағы Кастеллон мен Теруэль қалаларының арасында тұтанған және 7-ші күніне (кеше) кірген орман өрті бүгінге дейін 4600 гектар жерді өртеп жіберді.

Билік үлкен экологиялық залал әкелген өрттің маңызды бөлігі ауа райының жақсаруымен әсіресе Кастеллон жағында бақылауға алынғанын хабарлады.

Салқындату және өрт сөндіру жұмыстарының әуеден 20 ұшақ және құрлықтан 500 адамнан тұратын топпен жалғасып жатқанын түсіндірген Валенсия автономиялық үкіметінің басшысы Симп Пуиг ыстық ауа райының ертеңнен бастап ықпалды болатынын мәлімдеп,  өртті қайта тұтатпау үшін өте сақ болуды өтінді.

Енді бір жағынан, шамамен 55 шаршы шақырым аумақтағы  ауылдарды шарпыған өртке байланысты осы уақытқа дейін үйлерінен көшірілген 1500-ге жуық адамның біртіндеп үйлеріне қайта бастағаны жарияланды.

Кастеллонда 23 наурызда басталған және солтүстікке қарай таралып, 4600 гектар аумақты шарпыған өртке байланысты аймаққа кіретін және шығатын жерлер жандармерияның бақылауында.

Премьер-министр Педро Санчес Кастеллон-Теруэль аймағындағы өрттен туындаған барлық шығынды жабуға уәде берді. Бұл осы жылы елдегі ең үлкен орман өрті болды және аймақтағы өмірмен қатар ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына да айтарлықтай зиян келтірді.

Испанияда 2022 жылы болған  орман өртінде  жалпы 310 мың гектардан астам аумақ өртенген.



Ұқсас жаңалықтар