Грекия Израильден зымырандық жүйесі сатып алатынын жариялады

Грекия Израильден «Spike NLOS» зымырандық жүйелерін сатып алады.

1967017
Грекия Израильден зымырандық жүйесі сатып алатынын жариялады

Мәлімдеме Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис басшылық жасаған Грекия Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кезекті отырысынан кейін жарияланды.

Мәлімдемеде «Отырыста Қарулы Күштердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Spike NLOS» сатып алуға шешім қабылданды және басқа қару бағдарламалары жөнінде кеңеске ақпарат берілді» делінді.

Жиналыста көші-қон және орман өртімен күрес мәселелері де талқыланғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар