АҚШ Иранға қарсы көптеген әскери шара әзірледі

Марк Милли Америка армиясының Тегеранға қарсы қолданылатын көптеген әскери шаралар әзірлегенін айтты.

1966673
АҚШ Иранға қарсы көптеген әскери шара әзірледі

АҚШ-тың Бас штабының басшысы генерал Марк Милли Америка армиясының Иран ядролық қару жасауға шешім қабылдаған жағдайда Тегеранға қарсы қолданылатын көптеген әскери шара әзірлегенін айтты.

Милли АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен бірге Сенаттың Қарулы Күштер комитетінің 2024 қаржы жылының қорғаныс бюджеті бойынша отырысына қатысты.

Иранның аймақта тұрақсыздық тудыратын әрекеттермен айналысқанын және американдық сарбаздар орналасқан базаларға шабуылын жалғастырып жатқанын түсіндірген Милли Иранның ядролық қаруға қажетті материалды екі аптадан аз уақыт ішінде ала алатынын білдірді.

Милли «Осыдан кейін олардың толыққанды ядролық қару жасауы үшін бар болғаны бірнеше ай қажет. Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу саясаты ретінде бекінген. Иранның ядролық қару жасау туралы шешім қабылдаған жағдайда АҚШ армиясы Тегеранға қарсы көптеген әскери шаралар қолданады» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #шара , #әскери , #Иран , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар