АҚШ-та мектепке қарулы шабуыл жасалды

6 адам қаза тапты.

1965993
АҚШ-та мектепке қарулы шабуыл жасалды

Америка Құрама Штаттарының Теннеси штатында шіркеу жанындағы бір мектепке қарулы шабуыл жасалып,  6 адам қаза тапты.  Қаза тапқандардың үшеуі – бала.

Полиция шабуылдаушыны атып өлтірді.

Полиция лауазым иелері екі ұзын ұңғылы қаруы және бір тапаншасы болған шабуылдаушының осы мектептің түлегі 28 жасар Оудри Елизабет Хейл атты әйел екенін білдірді.

АҚШ президенті Джо Байден шабуылдан кейін қарулануға байланысты қатал шаралар көздейтін заңның шығарылуы үшін Конгреске шақыру тастады.

Байден айырықша ел көлемінде барлық мемлекеттік органдарда, әскери гарнизондарда және флот құрамындағы кемелерде тудың 31 наурыз күніне дейін жартылай түсірілуіне тапсырма берді.



Ұқсас жаңалықтар